Елшібай Сұлтанбекұлы


Елшібай Сұлтанбекұлы

* * * * *

  Елшібай Сұлтанбекұлы 1952 жылы Жаңаарқа ауданындағы Желтау, Қабантау, Тасқары деген тауларының арасындағы Елшібай тауының етегіндегі көңде, мал баққан қойшының отбасында дүниеге келген. 1959 жылы қыркүйекте Өркендеу елді мекеніндегі сегіз жылдық мектептің табалдырығын аттады. Осы мектепті 1967 жылы бітіріп совхоз орталығы Ынталыдағы он жылдық мектептің тоғызыншы сыныбында оқиды. 1968-1969 жылдар аралығында отбасының жағдайына байланысты бір жыл оқуға бара алмай қалады. Осы 1968 жылы көктемде көп жыл төсек тартып ауырып жатқан анасы қайтыс болады. Бір жыл үзілістен соң 1969-1970 жылдар аралығында Алматы қаласындағы І.Жансүгіров атындағы 2 мектеп-интернатында оқуын жалған, 1970 жылы онжылдық білім алып шығады. Осы мектеп қабырғасында жүріп «Қазақстан пионері» балалар газеті беттеріне алғашқы тырнақ алды өлеңдері шығады. Кейін 1971-1972 жылдарда аудандық, облыстық газеттерінде де өлеңдері шығып жүрді.

Түрлі себептермен біраз уақыт өлең өлкесінен алыстап кетіп, кейінде, араға аттай 30 жыл салып төрт мүшелден асқан шағында қаламмен қайта табысады. 

Бүгінде аудандық «Абай-ақиқат» газеті мен республикалық «Азия-Транзит» әдеби-танымдық альманағында, жәнеде басқа басылымдарда да өлеңдері жиі жарық көріп жүр. 1974 жылдан бері механизатор болып жұмыс істеп келеді. Қазіргі таңда Агрогородок ауылында тұрады, зейнеткерлікке шыққан.  

 «Дауыс»

 «ӨГЕЙ» өлеңі



Последнее обновление: 19.01.2022 13:29, Просмотров (4969), Печать