Виртуальная справка Электронный каталог Продление книг online

Опрос

Как вы оцениваете книжный фонд ЦБС?
Архив опросов


Абай

Хуат Тілеугүл

Өзге емес, өзім айтам өз жайымды...
 
Хуат Тілеугүл 1998 жылдың сәуір айының 24-і  Павлодар облысы Қызылжар ауданында дүние есігін ашты. Шыр етіп өмір есігін ашқан сәттен әлемдегі ардақты да аяулы екі жанның махаббатына бөленіп келеді. Аяулы анасының есімі - Бағай. Тілеугүлге әрдайым қамқор әрі сыншы жан. Сыны мен талғамы қандай дәл болса, талабы сондай тура. Тілеугүлдің өлеңдері мен мақалаларының алғашқы тыңдарманының бірі де бірегейі – осы жан. Ал асқар таудай әкесінің есімі - Қуат. Өзгенің ала жібін аттамауды, адалдықты әрдайым өз ісімен өнеге қылып келетін азамат. Қарапайымдылықты қашанда жандарына серік еткен екі жан Тілеугүлге әрдайым жақсылықты үйретіп келеді. «Тыныштықта отырып өлең шығару шабыттың ең өзектісін өмірге әкелетінін менен бұрын ақиық ақындарымыз жақсы білген ғой. Мен тек сол бір сара жолды жалғастырушымын. Қоғамның қордаланған мәселелеріне бейжай қарап отыра алмаймын. Ішкі сырды іркіп қалу - менің мінезімнен жат дүние. Ішкі сырды ақ қағазға түсіремін, өзімше өлеңмен өрнектеймін», - дейді жас ақын Тілеугүл. Әуезді әнге билеу, саябақта серуендеу Тілеугүлдің сүйікті істерімнің бастауы. Қазірде Абай ауданы, Қарабас кенті №15 жалпы білім беретін мектепте оқиды. Ұстаздарының ұлағатты сөздерін жадында жақсылап жаттауға тырысатын Тілеугүл, әр ұстазды жақсы көреді, көңілдерін көтеріп, мерейлерін асыруға талпынады. Сондай – ақ кітапханаға барып жан сарайына рухани азық алу - Тілеугүлдің жанының бір бөлшегіндей. «Кірген бойда күлімдеп қарсы  алатын кітапханашы апай - Бинагүл Өмірбекқызы жан сарайын жылытып жібереді», - деп Тілеугүл ризашылығын білдірді. Кітап оқып, жан азығын жанына серік еткен Тілеугүл, спортпен шұғылдануды да өмірінің бөлшегіне айналдыры.
«Қазақстанның қарқынды жастарының бірі ретінде қолымнан келгенінше көкейдегі көп ойды айтамын, түсінікті жеткізуге тырысамын. Мейлінше мендегі барды жаздым, қажетін алып, керексізін ысыру сенің еншіңде, оқырман!», - деген ниетпен жас ақын Тілеугүл өз өлеңдері мен ой-толғауларын оқырмандардың, сайт пайдаланушыларының назарына ұсынады.
 
Өлеңдері

Ой-толғаулары


Последнее обновление: 28.11.2017 17:27, Просмотров (4893), Печать

Авторизация

Зарегистрироваться