Тайғожин Алданыш Ерзақұлы
Капитанның ерлігі естен кетпес
Тайғожин Алданыш Ерзақұлы 1971 жылы Қарағанды облысының Бабаев атындағы совхозды дүниеге келген.
Абай қаласының № 2 мектебін 1988 жылы бітіргеннен кейін, әскери қызметке шақырылмастан бұрын, «Қарағанды тұрғын үй құрылыс» автокомбинатында жұмыскер, 1 санатты слесарь болып жұмыс істейді. Әскери борышын әскери-теңіз флотында 1989 жылдың мамырынан 1992 жылдың мамырына дейін өтейді.
Әскерден кейін «Резерв» кооперативінде 2 санатты слесарь, Тельман АІІБ милиция қызметкері болып жұмыс істейді.
1994 жылғы қыркүйек 1998 жылдың наурызы аралығында Қарағанды жоғары мектебінде оқиды, оны бітіргеннен кейін Абай ауданының ІІБ қылмыстық іздестіру бөліміне жедел уәкіл болып тағайындалады. 2002 жылдың 10 қаңтарында жоғарылаумен Топар полиция бөлімінде қылмыстық іздестіру бөлімшесінің бастығы лауазымына ауысады.
Қызмет атқарған аралықта өзін адал, жауапты, сауатты қызметкер ретінде көрсетті. Жедел іздестіру жұмысының әдістерін жақсы меңгерген, тәжірибеде епті қолдана алған. Қылмыстарды ашуда көрсеткен кәсіби сауатты әрекеттері үшін бірнеше марапаттаулары болған.
2003 жылы 13 қыркүйекте сағат 3 шамасында Топар кентінде, бірқатар қылмыс жасауда күдікті тұлғаларды ұстау туралы жедел ақпарат бойынша қызметін атқару барысында А.Е.Тайғожин 3 қылмыскердің шабуылына тап болады. Арпалыс барысында олар жәбірленушінің өліміне әкеп соқтырған 7 пышақ жарақатын салады. Қылмыскерлер қаза тапқан полиция қызметкерінің денесін Топар кентіндегі ескі құрылыс алаңына апарып, жағып жібереді.
Капитан Тайғожин белсенді қылмыс тобынан күтуге әбден болатын ауыр қылмыстарды ашу және олардың алдын алу жолында өз өмірін қиды. Бұл топтың мүшелері ұсталып, қатаң қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Зайыбы – Салтанат Қайырбекқызы, қызы – Айлана және анасы – Кәмиляш Айтымқызы Қарағанды облысының Абай қаласында тұрады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ерлігі үшін» медалімен (қаза тапқаннан кейін) марапатталды.
А.Тайғожиннің есімі Қарағанды облысының ІІД ғимаратының алдындағы естелік мемориалына енгізілген.
2015 жылғы 30 қыркүйекте Абай қаласында батырдың құрметіне мемориал тақтаның ашылуы салтанатты түрде өтті. Жиынға Қарағанды облысы ІІД бастығы генерал-майор М.Б.Жаппаров және Абай ауданының әкімі С.Ж.Шайдаров келіп қатысты. Сонымен қатар, Абай ауданы көшелерінің біріне капитан А.Тайғожиннің есімімен аталатын болды.
Батырдың ерлігі абайлықтардың есінде!
https://vk.com/wall49326878_999
http://www.nv.kz/2003/09/24/301/
Последнее обновление: 27.11.2017 14:45, Просмотров (4467), Печать