«Жана кітаптар» атты көрме
Абонемент кітапханашылары кітапхана оқырмандарына қазақ жазушыларының қазақ және орыс тілінде жазылған жаңа кітаптармен таныстырды. Іс-шара барысында кітапханашылар Әбу Насыр Әль – Фараби «Қайырымды қала. Музыка туралы кітап» Әлеуметтік-этикалық трактаттар; «Рухани жаңғыру» сериясы бойынша Шоқан Уәлиханов 5- том орыс тілінде шығармалар жинағы; Абай Құнанбаев «Адам деген даңқым бар» қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде; Абайұлы Тұрағұл «Зерттеулер, мақалалар, аудармалар»; «Бөкейхан Әлиханның екі тілде және әр түрлі жанрда жазылған 5 -15 томдық шығармаларымен, Сейсенбаев Роллан «Три вершины», «Тектілер туралы реквием» атты эсселер; Көрнекті ғалым, жазушы Мәлік Ғабдуллин еңбектерінің он бір томдық жинағы; Мұрат Әуезовтың «Ділім»; «Орбұлақ өнегесі» тарихи жинақ құрастырған Нұржеке-ұлы Бексұлтан; Ырым Кененбай «Жетпістегі жидеағаш», тағы да басқа кітаптар туралы ұсыныс жасалынды. Кітап көрмесінде оқырмандар өздеріне ұнаған шығармаларды оқып, пікірлерін ортаға сала білді.