Әдеби-мерекелік дастархан «Жарқыра, жайна Наурызым!»
«Наурыз достарды шақырады» фестиваль аясында өтілген «Жарқыра, жайна Наурызым!» атты әдеби-мерекелік дастарханға барлық жастағы оқырмандар қатысып, өнерлерін көрсете білді. Етене ат салысқан «Үміт» клубынын мүшелері дастархан мәзірін жасап әкелді және «Үміт» клубының мүшесі, кітапханамыздың белсенді оқырманы, тарихи кітаптарды сүйіп оқитын Қарымсақ Қизат Бөлтірікұлы - Қыдыр ата ролін сомдап, қатысқан қауымға бата берді. Байманова Дамиля Байманқызы - Күн Ана ролін сомдаса, балалар кітапханасының кітапханашысы Ғазизқызы Сағыныш - Наурыз аруды сомдап, өнерлерін көрсетті. Қатысқан қауым, Наурыз мерекесін тойлаудағы ырым-жоралғыларды ұстана отырып, ұлттық салт-дәстүрден және Наурыз ырым –жоралғылардан мысалдар келтіріп,өз ойларын ортаға сала білді. Мезенцев Станислав шығарған «Алтыбақан» өлеңіне үш тілде бейнеклип түсіріліп, көрермендерге көрсетілді. «Зере» ансамблінің әжелері орысша, қазақша ән орындады. Балқожина Гүлшахра Мағзұмқызы үнді тілінде ән шырқады. Орталық балалар кітапханасының кітапханашылары Шайзада Алтыннұр билеп берсе, Ғазизқызы Сағыныш ән шырқады. Дастархан мәзірінде құттықтаулар айтылып, әндер шырқалып, биде биленіп, наурыз көже де ішілді. Ең сонында өте жақсы қатысқан оқырмандарға сыйлықтар ұсынылды.