«Үздік суретші» номинациясының иегері Кидрасов Рашид Хайдарович.
Салтанатты кеш барысында «Абай ауданының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-ң суретші-көркемдеушісі Кидрасов Рашид Хайдарович Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының «Үздік суретші» номинациясы бойынша сыйлықтың иегері атанды. Рашид Хайдаровичке 50000 теңгенің сертификаты, Қарағанды облысының мәдениет, архивтер және құжаттамалар басшысының дипломы жәнеде Қарағанды облысы әкімі Қошанов Ерлан Жақанұлы атынан алғыс хат табысталды.
Кидрасов Рашид Хайдаровичтің ойынан туындаған, қолынан шыққан сәулет композициялары мен шығармашылық жұмыстары ауданның мәдениет мекемелерін, Абай қаласы мен Абай ауданы ауылдарының жәнеде Қарағанды облысындағы басқа аудандарадың көшелерін көркейтіп тұр. Бұл, үлкен жетістік.
Рашид Хайдаровичтің шығармашылық шабыты ешқашан таусылмасын, осындай жеңістерге жете берсін!