Виртуальная справка Электронный каталог Продление книг online

Опрос

Как вы оцениваете книжный фонд ЦБС?
Архив опросов




Абай
17 ноября 2019

Тақырыптық қаралым «Сөз зергері- Жүсіпбек Аймауытов» атты кітап көрмесінде, Тематический обзор у книжной выставки «Мастер слова - Жусипбек Аймауытов».


Жүсіпбек Аймауытов — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі. Ол аз ғана шығармашылық ғұмырында педагогика, психология, методика, тәрбие туралы зерттеулер жазды, әдеби сын саласына араласты. "Қартқожа", "Ақбілек", "Күнікейдің жазығы" романдары мен повестері, таза драма шарттарына сай саналуан пьесалары, әңгімелері - қазақ әдебиетінде  қалған мол мұрасы.

Кітап көрмесінде оқырмандар  жан-жақты өнер иесі, сегіз қырлы, бір сырлы дарын, драмашы, аудармашы, зерттеуші Жүсіпбек Аймауытовтың кітаптарымен танысты. Аймауытов Ж. «Шығармалар жинағы», «Таңдамалы шығармалары. Бес томдық шығармалар жинағы. Бірінші том», Аймауытов Ж. «Шығармалары 1 том Пьесалар, өлеңдер», 3 том Шығармалары-Повесть пен әңгімелер, аудармалар», 4 том –«Психология», 5 том - «Тәрбиеге жетекші», Қуантайұлы Н. «Жүсіпбек Аймауытұлының көсемсөзі», Исмакова А.С. «Казахская художественная проза. Поэтика, жанр, стиль»,  

Нұрғали Рымғали «Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры» т. б. кітаптары.

Кітапханашылар тақырыптық қаралымда Жүсіпбек Аймауытовтың  кітаптарын оқырмандарға ұсына отырып, қазақ халқының көрнекті жазушының өмірбаянынан да тың мағлұматтар беріп өтті.

 




Авторизация

Зарегистрироваться