Опрос

Как вы оцениваете книжный фонд ЦБС?
Архив опросов
10 января 2020ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласына ой-пікір.

Қасым-Жомарт Тоқаев Президентіміздің кешегі күні шыққан  Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын оқи отыра, көп ойлар түйіндедік. 

Президентіміздің көтеріп   отырған мәселесі өте  құнды, Абай данамыз арқылы қазақ халқының  менталитетін, Қазақстанымыздың мәртебесін  жоғарлатқанына қуаныштымыз. Елім, жерім деген әр қазақтың көкейінде жүрген мәселе дегіміз келеді. Мақалада данышпан Абайды  жұртқа танытып, қайта қауыштыру мәселесі көтерілуде.

 Бүкіл саналы ғұмырын басым бөлігін Абайға арнаған атақты  жазушымыз Әуезов те оның мол мұрасын «тек шөмішпен ғана сүзіп алдым» деген екен.  Абай данамыздың  мұрасы  көл көсір, ұшы қиыры  жоқ мол дүние түсінген  адамға. Бала кезімізде,  туыс аталарымыздан: «Абайды оқыңдар, Абайдың сөзі де, өзі де алтын» дейтін. Расында да, артында қалған мол мұрасы алтыннан да  қымбат.

Абайдың мол мұрасын таныстыру мақсатында, кітапханамызда әр -түрлі іс-шаралар жүргізілуде. Абайды танып білуге «Абайдың ұлы мұрасы» атты үлкен көлемді тақырыпты ала отырып, Абайдың өзі, ұрпақтары, шығармашылығы, қарасөздері, поэмалары, әндері, поэзиялары, Абай туралы жазған тұлғалардың еңбектері жұртшылыққа таныстырылуда, әсіресе жас оқырмандарымызға пайдасы зор.

Сөз соңында,  атақты, білімді ұстаз   Бітібаева Қанипа апамыздың мына бір жақсы сөздері  есіме  келеді: «Абайды таныту - қазақ халқын таныту, қазақтың даналығын, сөз өнерін, қазақтың ғажайып бай тілін,  сұлулықты, махаббатты, ізгілікті, адамдықты, Адамды, Алланы суюге таныту» дегені. Егер тереңнен Абайды танысақ, бүкіл ғаламды танимыз демекпіз, ағайын.

 

← Назад

Новости

Литературная визитка «В гостях у Николая Сладкова» к 100-летию со дня рождения писателя.
24 января 2020 | 28 просмотров

В центральной детской библиотеке состоялась литературная визитка «В гостях у Николая Сладкова» к 100-летию со дня рождения писателя. Фото

Виртуальная экскурсия по сакральным местам Абайского района на форуме волонтеров «Birgemiz».
22 января 2020 | 38 просмотров

Центральная библиотека г.Абай стала ведущей секции на форуме волонтеров по направлению «Birgemiz: Asyl мura». Фото