Опрос

Как вы оцениваете книжный фонд ЦБС?
Архив опросов
Последнее обновление: 29.01.2019 11:02, Просмотров (5827), Печать

Новые книги ждут встречи с Вами!!!

 «Қарағанды  облыстық Н.В Гоголь атындағы әмбебап ғылыми кітіпханасы» КММ  мемлекеттік тапсырыс бойынша, Абай орталықтандырылған кітапхана жүйесіне 1020 дана жаңа әдебиеттер келіп түсті.

 

         
 

 

Бердібек Бияров

Алтай. Алтын бесік.

 Бұл кітап ғалым Бердібек Бияровтың кең-байтақ қазақ өлкесінің қасиетті Алтай, Семей өңірлерінің аңыз бен жырға, тылсым сырларға толы киелі орындары мен қасиетті жерлері жайлы тынымдық мақалалары еніп отыр.

 

 

Көшімова Б.

Үстірттегі көненің іздері.

 Қазақ жерінің батысында орналасқан ежелгі Маңғыстау өңірінің қойнауы тұнған тарих десе де болғандай. Бұл өлкеден есімдері халық жадында сақталған би-шешендер, қол бастаған батырлар, от ауызды ортақ тілді ақын-жыраулар шыққан. Еңбектен осынау киелі де шежірелі өңірдің көне тарихы, сол өлкеден шыққан Пір Бекет ата бастаған әулиелер жайлы, осы маңда орын тепкен көне ескерткіштер туралы ғалым-зерттеуші Бибатпа Көшімованың құнды да қызғылықты ғылыми-зерттеу мақалалары орын алған.

 

 

Құламанова З.

Тастағы Тараз тарихы.

 Бұл кітапта екі мың жылдан астам тарихы бар, көне түркі жұртының шаруашылығы мен мәдениетінің үлкен ошағы болған, тарихи ескерткіштер көп орын тепкен Тараз өңірінің киелі, қасиетті орындары жайлы ғалым Зиба Құламанованың зерттеу мақалалары еніп отыр.

 

 

Ілиясова Р.

Шежірелі Ақтөбе

 Бұл жинақта Ақтөбе өңіріндегі қасиетті мекендер, осы аймақтағы тарихқа қатысты айшықты әңгімелер, ел есіндегі арыстар жайындағы көптеген құнды дүниелер сөз болған.

 

 

Тасполатов Б.

Басында Қазығұрттың кеме қалған.

 Ғалым-зерттеуші Бақыт Тасполатовтың бұл кітабына Оңтүстік Қазақстанның киелі де қасиетті орындары жайлы зерттеу мақалалары еніп отыр. Автор көне Қазығұрт баурайындағы ежелгі жер-су атаулары, халық сан ғасырлардан бері кие тұтып келе жатқан әулиелер, тарихи тұлғалар жайлы нақты мәліметтер мен деректерге сүйене отырып баяндайды. Бұл еңбек өскелең жас ұрпақтың туған ел мен жерге деген перзенттік сүйіспеншілігін оятады деген сенімдеміз.

 

 

Президент-2017.

Большая политика.

 Данное издание представляет собой сборник фотоматериалов, которые отражают ключевые события международной жизни с участием Президента Республики Казахстан, состоявшиеся в 2017 году. Фотоснимки иллюстрируют встречи Нурсултана Назарбаева с главами иностранных государств и правительств, с зарубежными политическими и общественными деятелями, а также с представителями международных организаций, прошедшие как в Казахстане, так и за пределами страны в рамках его зарубежных визитов.

 

 

Қазақ халық композиторларының әндері.

 Бұл жинаққа ел арасына кең тараған халық композиторларының әндері кірді. Кітап қазақ әндерін сүйетін жалпы жұртшылыққа арналады.

 

 

Қазақ халық әндері.

 Бұл жинаққа қазақ халқының сүйіп шырқайтын, жұртшылыққа кең тараған халық әндері кіріп отыр, Кітап ән сүйер барша қауымға арналады.

 

 

Бозоқ аруы.

 «Ұлы Дала Арулары» топтамасымен шығып отырған екінші кітап – «Бозоқ аруы» аталады. Жинақ екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде археологиялық қазбадан табылған айымдар, сондай-ақ әйел-ана балбал мүсіндері туралы мәліметтер фольклорлық мұрамен сабақтастырыла қаралып, танымдық, ақпарттық баян түрінде ұсынылған. Екінші бөлім ұлт тарихынан ерекше орын алып, ел жадында сақталған әулие аналар өмірінен сыр шертеді. Кітап көпшілік оқырман қауымға арналған

30 января 2018 года

 

 

Құрбанғали Халиди «Тауарих-и хамса-и-шарқи»

Шығыстың бес тарихы

  Қазақ тарихына қатысты аса құнды жәдігердің бірі-Құрбанғали Халидидің «Тауарих-и шарқи» - «Шығыстың бес тарихы» (1910) исі түрік қауымының зиялылары мен оқымыстылары орнықтыруға ұмтылған шағатай жазба мұраларының негізіндегі «ортақ тілде» жазылған және араб пен парсының ғылымы терминдері барынша еркін қолданылғандықтан да, бұрынғы басылымдары қысқартылып не баяндалып қана берілген.

 

 Б.Ердембеков Абайтану

 Еңбекте Абайдың әдеби айналасы, ақынмен тікелей қарым-қатынаста болған әдеби орта өкілдері, олармен арадағы рухани байланыс көздері зерттеу нысанына алынып, ақын айналасының абайтану ғылымындағы орны, Абайға әсер еткен әдеби ортаның ықпалы айқындалды. Бұл тұрғыда Абай әулетінің, атап айтатын болсақ, Зере әже, Шаншар атадан Ұлжан анаға дейін үзілмей жеткен шешендік, Құнанбай тәрбиесінің ақынға әсері, сол замандағы би-шешендер ортасындағы жас ақынның орны, Абай мен аға буын ақындар арасындағы рухани жақындық көздері жан-жақты сөз болды. Оқу құралы әдебиетші ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары филология факультеттерінің студенттеріне, аспиранттарға, магистранттарға, мектеп мұғалімдеріне арналған.

 

 

Қазақстанның 70 тарихи орны

 Бұл жинақта еліміздің тарихи және географиялық ең байырғы атаулары енгізілді. Жинақта орын атаулар сан ғасырлық қазақ тарихында айрықша маңызға ие болған. Олар небір тарихи оқиғаға, кезеңге байланысты немесе ерте дәуірлерден бері ұлтқа қоныс болған қасиетті мекендер. Қазіргі Қазақстан ономастикасын қалыптастыруда бұл атауларды көшелерге, нысындарға беру жалпымемлекеттік. Патриоттық сана-сезім қалыптастыруға оң ықпал етпек.

 

 Қоспақов З. Ғасырлардан жеткен үн

 Жинақта Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса және басқа да халықтың кәсіпқой әнші-композиторларының таңдаулы әндері орын алды. Мұнда, бұрынғы басылымдарға енбеген Салғара Жанкісіұлы, Қобылан Бәрібайұлы, Мақажан Шитенұлы, Сауытбек Ұсаұлы, Шөже Қаржаубайұлы, Қанапия Басықараұлы және т.б. әндерімен қатар ән мәтіндері тұңғыш рет нота жазбаларымен қоса келтіріліп, ән мәтіндеріне текстологиялық жұмыстар жүргізілді. Жинақ алғы сөзбен, ғылыми түсініктермен қамтылған. Кітап музыка оқу орындарының педагогтері мен студенттеріне, аспиранттарына және музыка сүйер қауымға арналды.

 

 

Астанаға қош келдіңіз! Добро пожаловать в Астану!

Қытайша-орысша-қазақша, тілдескіш.

 

 

Астанаға қош келдіңіз! Добро пожаловать в Астану!

Арабша-орысша-қазақша, тілдескіш

 

 

Астанаға қош келдіңіз! Добро пожаловать в Астану!

Испанша-орысша-қазақша, тілдескіш

 

 

Астанаға қош келдіңіз!Добро пожаловать в Астану!

Французша-орысша-қазақша, тілдескіш

 

 

Қамзабекұлы Д. Алаш арқауы

 ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының бұл жинағына елдік және мемлекетшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі - Алашқа арқау болған құбылыстар, тұлғалар, ұйымдар, жиындар, ізденістер, оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеулері мен мақалалары еніп отыр. Кітап ұлт руханиятына ынтызар жалпы қауымға арналған.

 

 Ісімақова А. Алаш әдебиеттануы

 Әдебиеттанушы Айгүл Мұхаммедсерікқызы Ісімақованың бұл еңбегі - XX ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған. Онда қазақтың асыл сөзін қастерлеген ата-баба мұралары қашаннан басталатындығы, Алаш әдебиеттану ұғымының қалай қалыптасқандығы жөнінде туындайтын сауалдарға жауап беріледі. Сонымен қатар кітапта Алаш ғалымдарының жалпы ғылымға қандай үлес қосқандығы, Алаш ғылыми мұрасының несімен құнды болатындығы жан-жақты талданады. Монография жоғары және орта мектеп мұғалімдеріне, әдебиет саласындағы барлық мамандарға, ұлттық әдебиет пен тарихты сүйетін жалпы оқырман қауымға арналған.

 

Ахмет Ө.Шығармалары Ғашық жүрек. Т 1.

 Автор бұл жаңа романында өмір мен өнер мәселесін қозғайды. Темір жолдың қос табанындай ешқашан бір-бірінен ажырамай катар жүретін ащылы-тұщылы өмір мен оның өнер атты айнасының қоғамдағы сан қилы шарпысулары мен табысулары бар ғұмырын қалам еңбегіне арнаған басты кейіпкер Төтемнің ой-толғамдары арқылы суреттеледі. Қоғамдағы кейбір адами қайшылықтардың ұлтымызға тән еместігіне, сырттан күштеп таңылған бұрынғы қиын тағдырымыздан қалған сарқыншақ екендігіне назар аудартып, оқырманды кемелді азаматтың тірліктегі басты миссиясы – бірлік пен татулық, өзара сыйластық және шынайы махаббат пен отбасының тұтастығы үшін күресе білуі деген ұлағатты ойға жетелейді.

 

 

 Ахмет Ө.Шығармалары Шақшақ шерлі. Т 2.

 Жазушы шығармаларының екінші томына қырыққа жуық әңгімесі мен аудармалары еніп отыр. Онда мезгіл жағынан жарты ғасырдан астам уақыт қамтылып, студент, шахтер, құрылысшы, шопан, балықшы, мұғалім, шенеулік, қуғын-сүргін құрбаны, жауынгер солдат, депутат сынды қоғамдық ортада алуан түрлі орны бар адамдар өмірінен сыр шертіліп, солардың әр қилы тағдырлары арқылы әр түрлі саяси-әлеуметтік ахуалды бастан кешкен еліміздің бүкіл тіршілік тынысының кең панорамасы жасалған.

 

 Қазақ энциклопедиясы

 Үкімет қаулысымен еліміздің төл энциклопедиялық баспасы құрылып, үздіксіз жұмыс істеп келе жатқанына жарты ғасыр толды. Осы уақыт ішінде баспа ұжымы қазақ және орыс тілдерінде 12 томдық «Қазақ совет энциклопедиясы» мен 10 томдық «Қазақстан» ұлттық энциклопедиясын, сондай-ақ көптеген салалық, пәндік, аймақтық, тұлғалық энциклопедиялар мен басқа да танымдық-анықтамалық кітаптарды, сөздіктерді жарыққа шығарды. Осылайша баспаның жүріп өткен 50 жылдық жолының өзі үлкен тарихқа айналып отыр. Мұны білу әрбір оқырманды қызықтырары сөзсіз.

 

 

ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ: Үй жағдайында дайындалатын танымал тағамдардың рецепттері

 Аталған кітап әлемнің түрлі елдеріне қызықты кулинарлық саяхат жасауға және Еуропа мен Азия тағамдарынан дәм татуға шақырады.Ұсынылып отырған рецепттер ұлттық дәстүрлердің ерекшкліктеріне негізделген, олардың әрқайсысы бірегей және сол елдің кулинарлық шеберлігінің мәдениеті мен дәстүрлерін қамтиды.

 

 

МИРОВАЯ  КУХНЯ: рецепты популярных блюд для приготовления в домашних условиях

 Данная книга приглашает совершить  увлекательное кулинарное  путешествие  в разные страны мира и попробовать уникальные  блюда европейской и азиатской кухни. Предлагаемые рецепты основаны на особенностях национальных традиций, каждый из них уникален и содержит в себе культуру и традицию кулинарного мастерства того региона, откуда он был взят.

 

 ЕГДЕ  ЖАСТАҒЫ  ДЕНСАУЛЫҚ

 Әдемі қартая біліңіз...

 Заманауи медицинаның жетілуіне және тұрмыс сапасының жақсаруына байланысты, орташа өмір сүру ұзақтығы артуда. Алайда жас ұлғая келе ағзамызда болатын түрлі өзгерістерге дайын болуымыз қажет. Қартаю барлық адамға тән табиғи құбылыс. Оның алдын алу үшін дер кезінде түрлі ем, жаттығу, дұрыс тамақтану, демалу арқылы сақтана білмесеңіз, денсаулығыңыз сыр беруі мүмкін. Ал қартаймаудың негізгі емі – салауатты өмір сүру салтын ұстану.

    Бұл кітаптан сіз егде жаста кездесетін қандай да бір сырқаттың алдын алу және әдемі қартаюдың құпиясы туралы білетін боласыз. Олай болса, белсенді өмір сүруге асығыңыз!

 

 

ЗДОРОВЬЕ В ПОЖИЛОМ ВОЗРАСТЕ

 Поверьте, что жизнь после выхода на пенсию не утрачивает своей полноценности.

Благодаря достижениям современной медицины и возросшему качеству жизни основной тенденцией последнего десятилетия стало изменение возрастного состава населения многих стран в пользу старшего поколения. Однако происходящие с годами изменения в организме никто не отменял! После 50-ти мы должны быть готовы к неизбежной перестройке работы всех органов и систем, уметь «слушать» свое тело и понимать, о чем нам говорят те или иные симптомы.

Книга «Здоровье в пожилом возрасте» в доступной форме рассказывает об основных возрастных заболеваниях, учит распознавать наиболее часто встречающиеся недомогания, а также дает рекомендации о том, как снять или облегчить недуги. Подробные цветные иллюстрации делают данный медицинский справочник максимально понятным.

 

Живите без боли!

 

 

МЕН ЖӘНЕ МЕНІҢ ТІГІН МАШИНАМ

 Сіз бұл кітаптан мата таңдауға және алғашқы тігін машинаңызды 
пайдалануға қажетті барлық ақпаратты таба аласыз. Мұнда тігуді қарапайым ететін жан-жақты, сатылы сипаттамалық техникалар берілген. Басылым сіздің тігуге деген құлшынысыңызды арттыратын ғажайып жобаларды ұсынады.

 

ЭНЦИКЛОПЕДИЯ ДЕТСКОГО ЗДОРОВЬЯ

(От рождения до подросткового возраста)

На что необходимо обратить внимание с первых минут жизни новорожденного? 
Как проводятся обследования и для чего нужны прививки? Каковы симптомы наиболее распространенных детских заболеваний? Что делать в случаях, если недуг оказался серьезным?

На эти и многие другие вопросы вы найдете ответы в «Энциклопедии детского здоровья». Здесь в простой, доступной форме рассказывается не только о болезнях, которые могут угрожать вашему малышу, но и о развитии детской психики с первых месяцев жизни до подросткового возраста.

 

Здоровья вам и вашим детям!

 

 

Я  И МОЯ ШВЕЙНАЯ МАШИНКА

В книге вы найдете всю информацию, необходимую для выбора 
ткани и использования вашей первой швейной машинки. Она наполнена подробным пошаговым описанием техник, которые делают шитье проще.
Издание предлагает роскошные проекты, к которым вам захочется немедленно приступить 

 

 

ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІ

 

Керқұла атты Кендебай, Таусоғар мен Көлтауысарды жолдас еткен Ер Төстік, алтын сақасын іздеген бала, Ай астындағы Айбарша сұлу мен Күн астындағы Күнікей қыз – халық ертегілерінің қаһармандары барша мұратына жетіп, баланың қиялына қанат бітіреді. Ертегінің кез келген кейіпкері – ақылды тасбақа мен қоян, қарға мен кірпі, тіпті кішкентай құмырсқаның өзі мейірімділікке, ізгілікке баулиды.

 

 

ЕРЖҮРЕК  ҚҰМЫРСҚА

 

Кітап жәндіктердің таңғажайып өмірі: амазонка-құмырсқалар мен орманның жирен құмырсқалары арасындағы шайқас; орманда адасқан жанның бәріне көмектесуге асығатын Жарқырауық қоңыз; ерекше тапсырма – ханшайым-дернәсілді құтқару жүктелген Лазиус атты құмырсқаның басынан кешкен қызық оқиғаларын баян етеді.

 

 

АСТРОНОМИЯ

 

«Үлкен энциклопедия» сериясымен қазақ тілінде тұңғыш жарық көріп отырған «Астрономия» энциклопедиясы осы ғылымның даму тарихы жайлы, аспан шырақтары мен денелерінің 
табиғаты және олардың қозғалыс заңдары, Ғалам құпиясы жөнінде қызықты да қажетті мағлұматтар береді. 
Энциклопедия оқушыларға, әуесқой астрономдар үйірмелері мен жалпы оқырмандарға арналған.

 

 

ҚҰЛБАЕВ ИГІЛІК. Біз қонақжай елміз.

Альбом белгілі қазақ суретшісі – Игілік Құлбаевтың шығармашылығына арналған. Кітапта суретшінің көркем туындыларымен бірге, оның шығармашылығы туралы кең сипаттама берілген. Ұсынылып отырған альбом қазақ суретшінің өнерінің рухани-эстетикалық талғамын қалыптастурудағы ролі арттыратыны сөзсіз. 

 

 БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ Ж. Ұлы даланың ежелгі тарихының этномәдени төркіндері.

Кітапта Ұлы Даланың ежелгі тарихына қатысты кейінгі жылдарда жүргізілген этномәдени, археологиялық, генеалогиялық, этимологиялық және т.б. зерттеу нәтижелері салғастыра сарапталып, аталған алып аумақта өркен жайған байырғы мәдениеттердің иелері, негізінен, осы ұлан-ғайыр кеңістікті талай мыңжылдықтар бойы мекен еткен тұрғылықты жұрттар екендігі дәйектеледі. 

 

 

САЙЫН МҰРАТБЕКОВ. Таңдамалы.

Белгілі жазушы Сайын Мұратбековтің бұл таңдамалы шығармасына кезінде оқырманы жылы қабылдаған «Менің қарындасым», «Райгүл», «Бекеннің құрбысы», секілді әңгімелері, «Жабайы алма» хикаяты еніп отыр. Бұл туындылардың қай-қайсында да адамдар арасындағы қарым-қатынас, адамшылық ұғымдары ортаға тартылады. 

 

 

БӨКЕЙХАН ӘЛИХАН. Шығармалары – Сочинения.

Бұл томда 1903-1905 жылдары «Степной край» (Омбы), «Семипалатинский листок» (Семей), «Сын отечества» (С-Петербор) газеттерінде жарияланған мақалалар, корреспонденциялар, азанама (некролог), жеделхаттар, «Қарқаралы петициясы», сөйлеген сөздері, ғылыми очеркі мен монографиялары (қой және ірі мал шаруашылықтары), «Щербина экспедициясының» материалдарының VI томы (Семей облысы Павлодар оязы) қамтылды. 

 

 АУЭЗОВ М. Времен связующая нить.

Новая книга Мурата Ауэзова включает научные монографии по сравнительному изучению национальных литератур и проблемам культурной интеграции, избранные статьи о современных геополитических процессах, доклады на международных симпозиумах, эссе, путевые очерки, дневники и интервью. Тематика и проблематика избранных трудов свидетельствуют о широте научных интересов исследователя, политика, дипломата, общественного и государственного деятеля. Мир кочевья, историко-культурная традиция и современный литературный процесс, эволюция традиционных национальных образов в контексте мировой культуры, полиэтничность и языковые, этнокультурные контакты, концепт «мы и история» являются определяющими. 

 

 

СЕЙДІМБЕК А. Шығармалары.

Көрнекті ғалым-жазушы, филология ғылымының докторы, профессор,Қазақстан Республикасы сыйлығының лауреаты,Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақселеу Сланұлы Сейдімбектің көзі тірісінде жарық көрген көркем туындылары мен очерктері беріліп отыр. Еңбектерін сұрыптап,жүйелеп,түзетіп,толықтырып баспаға әзірлеген қаламдас досы Қойшығара Салғараұлы мен Перизат Ақселеуқызы.  

 

 ҚОРАБАЙ С. Қазақтың сал-серілері.

Жинақта қазақ халқы мәдениеті мен өнерінің жарқын белгісі, биік шыңы – сал-серілік өнердің қыр-сыры туралы ғұлама ғалым, академик Ә.Марғұланның көрнекті фольклортанушы-ғалым Е.Ысмайыловтың және басқа ғалымдарының зерттеулері мен пікірлері, ақындық, сазгерлік, әншілік, орындаушылық қасиеттерімен дараланған, жүйрік баптап, құс салған әрі аңшы, саятшы, әрі мерген, әрі әнші, күйші, ақын өнерпаз, балуан әрі шешен болған Біржан сал, Жаяу Мұса, Ақан сері, Болуан Шолақ , Шашубай және т.б. көптеген сахара сал-серілерінің сегіз қырлы, бір сырлы талант ерекшеліктері туралы мақалалар берілген. 

 

 

ІСІМАҚОВА АЙГҮЛ. Алаш әдебиеттануы.

Әдебиеттанушы Айгүл Мұхаммедсерікқызы Ісімақованың бұл еңбегң – ХХ ғасырдың басындағы Алаш әдебиеті мен қазақ әдебиеттану ғылымының ұлттық көркемсөз өнерін зерделеуге арналған. 

 

 

ҚАМЗАБЕКҰЛЫ Д. Алаш арқауы.

ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, филилогия ғылымдарының докторы, профессор, алаштанушы Дихан Қамзабекұлының бұл жинағына елдік және мемлекетшілдік тарихымыздың айрықша кезеңі – Алашқа арқау болған құбылыстар, тұлғалар, ұйымдар, жиындар, ізденістер, оқиғалар туралы әр жылдары баспасөз бетінде жарияланған зерттеулері мен мақалалары еніп отыр. 

 

 

ҚАЗАҚ САЛТ–ДӘСТҮРЛЕРІ.

Қай халықтың болмасын, салт-дәстүрлері міндетті түрде сол халықтың мінез-құлқын, ой-өрісін, ұлтқа тән қасиеттерін танытып тұрады. Мәселен, қазақтың бауырмалдық, қонақжайлылық, сыйластық мінез-құлықтарын оның тұрмыс-салт дәстүрлерінен анық байқауға болады. 

 

 

ОМАРБЕКОВ Т. Қазақ мемлекеті: қағанаттар, ұлыстар мен хандықтар баяны.

Қазақтың белгілі тарихшысы, ғалым Талас Омарбековтың бұл жинағына қазақ халқы мемлекеттігінің негізі болып табылатын – ежелгі түркі қанағаттарының тарихы жөніндегі зерттеу еңбектері еніп отыр. 

03 февраля 2017 года

 

 

Қуат Бораш. «Өз елім – өркениетім»».

Публицист - журналист Қуат Бораштың «Өз елім - өркениетім» кітабына отанға деген сүйіспеншілік, атамекенді ардақтау, қазақ халқының әлемдік өркениеттегі орны, тәуелсіздік жылдарындағы ұлттық сананың жаңғыру үдерісі, рухани-мәдени кеңістікті сақтап қалудың өзекті мәселелері арқау болады. Бұған дейін автордың «Біздің белес», «Жұмыр жердің жұмағы» атты кітаптары жарық көрді. 

 

 

Булекбаев С. «Тюркский вклад в мировую культуру и цивилизацию».

В монографию вошли обобщенные материалы, анализирующие труды известных отечественных и зарубежных тюркологов о месте и роли тюрков в мировой истории и их вкладе в мировую культуру и цивилизацию. Эти факты и материалы долгое время были недоступны для изучения широкой общественности в силу европоцентристских и других мифов и стереотипов, господствовавших в традиционной европейской историографии. 

 

 

 

Таңбалы

Алматы облысының, Жамбыл ауданы аумағында орналасқан ашық аспан астындағы Таңбалы Мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық-мұражайы қазақ халқының ғана мақтанышы емес, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұралар тізіміне енген аса құнды жәдігерлеріміз сақталған киелі тарихи мекен. 

 

 

 

ЖАМБЫЛ. Энциклопедия

Халқымыздың көнеден арна тартқан ауыз әдебиетін ХХ ғасырдағы жазба әдебиетпен жалғастырған ұлы жырау, сұңғыла жүйрік, суырыпсалма жыршы, ақиық айтыскер ақын Жамбыл Жабаев - өз есімімен ұлтымыздың даңқын әлемге танытқан біртуар тұлға. Дүние жүзінің ондаған тіліне аударылып, толық жинақтары мен жекелеген кітаптары өз елімізде әлденеше реттен жарық көрген ақын шығармашылығы туралы жүздеген зерттеулер жазылып, Жамбылтану ғылымы қалыптасты. 

 

 

 

Ұлы дала қорғаушылары

Аталмыш фотокітап Қазақ хандығының құрылуының, тәуелсіз мемлекеттіктің тұғырнамалық негізі болып табылатын, Қазақстан аймағында өткен процестердің қалыптасуының тарихи сипаттамасы есебінде. Кітап үш тілде жазылған.  

 

 Қазақстанның ұлттық құндылықтары суретшілер әулеті

Сидоркиндер әулетінің еліміздің өнеріне қосқан еңбегі зор. Евгений Сидоркиннің есімі Қазақстан бейнелеу өнерімен тығыз байланысты. Еңбектерін Қазақстанды насихаттап, суреттеуге арналған Е.Сидоркин Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романына, «Сәкен Сейфуллинді оқи отырып», «Қазақ эпосы» топтамасына, т.б. қазақ салт-дәстүрімен байланысты көптеген суреттер салды. 

 

 

Герои Великой Победы – казахстанцы

В настоящей книге представлены имена Героев Великой Победы – казахстанцев в назидание для современного и будущих поколений сохранять память о подвиге Героев своей страны, равняться на них и всилу возможностей каждого достойно продолжать исторические традиции защиты Родины, воспитания казахстанского патриотизма. Книга предназначена для всех, кому дорог мир на планете.  

 

 

Кенжегулова Н. Декабрьское восстание 1986 года в печати Казахстана.

Декабрьское восстание 1986 года в городе Алматы, более известное как Декабрьские события ... В книге отражено, как освещалось Декабрьское восстание не только в печати Казахстана, но и в мировой прессе. Автор широко осветил содержание газетно-журнальных публикаций и их роль в политическом, экономическом, социальном и культурном плане, и кроме того, весьма интересно раскрыл приемы и методы, которые использовали масс-медиа советского периода в деле освещения Декабрьского восстания, и то, как формировалось общественное мнение в условиях однопартийной системы того периода. Книга предназначена для широкого круга читателей.  

 

 

Желтоқсан көтерілісі Көп томдық айғақ-кітаптар.

Ақиқат жолы ауыр, шындықтың соқпағы шырғалаң екеніне елімізде ғана емес, кешегі Кеңестер Одағында, тіпті әлемдік ауқымда айрықша бетбұрыс нышаны болған 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі айқын дәлел.  Оның басты себебі – Компартия тарап, тоталитарлық жүйе күйреді дегенімізбен, күні кеше қазақ халқына ұлтшыл атағын негізсіз жапсырып, Алматы көшелеріне бейбіт ұранмен шыққан жастарды қанжоса етіп соққыға жыққан, итке талатқан, түрме торына тоғытып, адам айтса нанғысыз қайғы-қасірет шектірген билік иелеріне барып тіреледі.  Кітап желтоқсан зерттеушілерге, көпшілік оқырмандарға арналған.  

 

 

Жұмат-Әлмашұлы Жолтай. Тар дүние. Үштомдық шығармалар жинағы 1-том.

Бұл романда ХХ ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ халқының, оның ішінде, Сыр бойы мен Қаратау арасында өмір сүрген байлар мен жатақтар өмірінің кең көлемді панорамасы бейнеленген. Көркем дүниеде жазушының тіл ерекшелігі сезіледі, жазылу мәнері жағынан соны ізденістерге, жаңаша ой түзуге талпыныс жасағаны байқалады.  

 

 

Жұмат-Әлмашұлы Жолтай. Тар дүние. Үштомдық шығармалар жинағы 2-том.

Бұл роман желілес екі шығарманың басы біріктірілген, ал кейіпкері ортақ. Жазушы сол бейне арқылы ой түйеді, әріден толғанады. Қазақ елінің тәуелсіздікке қол жеткізуі тұсындағы жастар өмірі, олардың әрқилы тағдыры қызғылықты баяндалады. Оқиғалар талас-тартыстармен өрбіп отырады.  

 

 

Жұмат-Әлмашұлы Жолтай. Тар дүние. Үштомдық шығармалар жинағы 3-том.

Бұл кітапқа автордың «Ұмытылған ұрпақ» романы еніп отыр. Дүниеге шыр етіп келген сәбидің тірлікте бастан кешері әртүрлі, әрқилы. Бірде сәттілік, бірде сәтсіздік... Ал, енді сол сәбидің тағдырын әдейі қиындатып, қолдан жасалған ауыртпалыққа итермелейтін жауапсыз ата-ананы кім дейміз?... Не болмаса мына жарық дүниенің түйінделер тұсында өз үйінің бір бұрышынан да орын табылмай, қарттар үйіне ығыстырылған кәриялар ше? Оларды сондай күйге мәжбүр еткен балаларды кім дейміз?... Кітап жалпы әдебиет сүйер қауымға арналады.  

 

 

Сариев Шөмішбай. Таңдамалы. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. 

Шөмішбай Сариев – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері, 2003 жылы Прагада чех елінің ұлы ақын – жазушысы Франц Кафка атындағы халықаралық Алтын медаль сыйлығының лауреаты атағына ие болған тұңғыш қазақ ақыны, Жыл Адамы –Алтын Адам сыйлығының, Платина – Тарлан сыйлығының лауреаты. Ақынның елу жыл бойы жазған жырларынан екшеп, сұрыпталып алынған таңдамалы дүниелерін қалың оқырмандар назарына ұсынып отырмыз. Бұл ақынның 70 жылдық мерейтойына тарту десек те болады.  

 

 

Сәрсенбай Оразбек. Өмір – тарих. 

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының М.Әуезов атындағы сыйлығының, Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Баспа және полиграфия істері саласының қайраткері, белгілі жазушы әрі баспагер марқұм О.Сәрсенбайдың бұл кітабына оның 2004, 2014 жылдары жарық көрген «Өмірнама» кітаптарындағы қаламгер күнделігінің жалғасы автордың дүниеден қайтарға дейінгі хронологиялық ретпен, сондай-ақ кезінде жұртшылықтың жақсы лебізіне бөленген «Ұйқың тыныш болсын», «Қосқұдықтың басында» атты әңгімелері мен «Таңбалы тас», «Ағабектің ақыры» атты повестері енді...

 

 

Табылды Әдібай. Ертегілер.

Жинақта «Сырлы қала» сияқты қиял-ғажайып ертегілер және «Қарға мен қоян», «Қожалық пен кіркөйлек» сияқты мысыл-ертегілер енген. «Ориандығы жаңа жыл» сияқты ертегілер сахнаға қоюға лайықталып жазылған. Жинақтағы 65 ертегі алуан түрлі тақырыпта қызықты оқиғаларды баяндайды.  

 

 

Идирисов Абильфаиз. Таншолпан: Роман.

Роман известного писателя, профессора Абильфайыза Идирисова «Таншолпан» в свое время был тепло принят казахской аудиторией. Эта подлинная история счастливой и горячей любви имеет огромное воспитательное значение для сегодняшней молодежи. Надеемся, что роман в переводе на русский язык вызовет неподдельный интерес у самого широкого круга читателей.  

 

 

Әубәкіров Оспанхан. Қағаз калпақ.

Белгілі сатирик Оспанхан Әубәкіров балаларға арнап бұрын да бірнеше кітап жазған болатын. Ақынның бұл кітабына әр алуан өлеңдері, ертегілері, жаңылтпаштары мен жұмбақтары еніп отыр. Әзілге, мысқылға бай ол шығармалардан, балалар, сендер қандай нәрседен үйрену керек, қандай нәрседен жирену керек кекндігін аңғарасыңдар.  

 

 

Һашири Әхмәтжан. Тәғдир.

Атақлиқ язғучи-драматург Әхматжан Һашари «Нур ана», «Кәчмәс көңлүм» повестьлири арқилиқ Улуқ Вәтән уруши жиллири арқа сәптики қийинчилиқлар, толиму еғир жапа-мәшәқәтләр, милтиқсиз мәйданда ирадилик, бәрдашлиқ ана вә һәдиләрниң, яш оғул-қиз ғұнчиларниң ғалибийәт қазинидиғанлиғиға ишәнчисини йоқатмай жан тикип әмгәк қилғанлиғи тәсвирлиниду.  

 

 

Серікбай Әлжан. Суретшінің толғауы.

Серікбай Әлжан 1980-90 жылдардағы белгілі қазақ суретшілері қатарына жатады. Оның шығармашылық өмірбаяны да суретші ретінде қалыптасу жолында өріліп отырды. С.Әлжанның шығармалары кескіндеме мектебінің реалистік бағытынан сыр шертіп, тұрмыстық сюжет жанрларына ұқсас келеді. Сол сияқты әлеуметтік тақырыптарды бейнелеу де суретшіге тән нәрсе. Яғни, суретшінің халықтық тақырыпқа жан-тәнімен берілуі шығармашылығында ерекше көрініс тапқан. Суретшінің туындыларынан халықтық тарихы мен тағдыры, оның құнды және бай мұрасы мен мұндалайды.  

 

 

Исабаев Исатай. Жанымды сыйладым халқыма.

Альбом танымал қазақ график-суретшісі Исатай Исабаевтың шығармашылығына арналған. Басылымда суретшінің көркем туындыларымен бірге, оның шығармашылық табиғаты жайлы терең ой-толғамдары берілген. Осының бәрі суретшінің нағыз ұлттық, қайталанбас шеберлігі мен сан қырлы қолтаңбасы бар суретші ретінде тұтастай әсерге бөлесе, дара графикалық мәнерімен өлшеусіз із қалдырғанын қазақ мәдениетінің мұрасына ауқымды қызмет еткен кеңдігімен ғана бағалауға болады.  

 

 

Табиев Бахтияр. Фотоальбом.

Табиев Бактияр. Оның көркемсурет өнері шығармашылығындағы өрлеу тұсы. 1960 жылдары қалыптасса, ал нағыз шебер иесі ретінде 1980 жылдары таныла бастады. Бактияр Табиев тек «алпысыншы жылғы» буын өкілдеріне ғана танымал емес. Ол әрбір маман өзінің жеке қолтаңбасы, дауысы мен ырғағын табу керек деген талапты жіті түсініп, осыған сай атмосфераны құрған суретші. Қазақ өнерінде кез келген жаңа идея сыртқы стилдік сапасы жағынан ғана емес, алдыңғы буын өкілдері бастап кеткен ізге үңілудің арқасында өзіндік ұлттық мәдениеті мен дәстүрін қалыптастырады.  

 

 

Төлеген Бахаргүл. Ұлт жауһарлары. Фотоальбом.

Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін өздері жасап отырған бұйымдарға жиі қолданды және оны ұқыптылықпен сақтап атадан балаға, ғасырдан ғасырға жеткізді. Үй кәсібі мен қолданбалы өнер бұйымдары – ат әбзелдері, киіз үй жабдықтары, нәзік оюланған үй жасау бұйымдары, ыдыс-аяқтар мен жиһаздарының түрлері, кілемдер,сырмақтар, текеметтер, кестелер, ши тоқыма бұйымдары, міне осылардың барлығы халықтың өнері сонау замандардан-ақ жоғары дәрежеде болғанын айшықтайды.Осы жоғарыда айтылған дүниелердің сан алуан түрлері менің топтама жинағымда көп кездеседі. Назарларыңызға ілтипатпен ұсынамын!  

 

 

Нұрғожаев Жақыпжан. Бір жұтым күн.

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, белгілі қаламгер, ұзақ жылдар бойы мерзімдік баспасөз саласында басшылық жұмыстарда болған Құрметті журналист Жақыпжан Нұрғожаевтың шығармалар жинағының 1-томына автордың әр жылдары алуан тақырыпта жазған әңгімелері мен мақала, очерктері, публицистикалық ой толғаныстары енді. Кітап көпшілік оқырманға арналған.  

 

 

Бекхожин Қалижан. Бауыры ұлытаудың қандай ғажап Өлеңдер, аңыз-дастандар, зерттеу мақалалар, поэмалар, пьесалар.

Өткен жылы еліміз Қазақ хандығының құрылуының 550 жылдығын атап өтті. Осы айтулы оқиға ауқымындағы іс-шаралар шеңберінде жарық көріп отырған бұл кітапқа Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Ұлы Отан соғысының ардагері, аса көрнекті ақын Қалижан Бекхожиннің тарихи тақырыпта жазылған туындылары енгізіліп отыр. Ақын кешегі әміршіл-әкімшіл, қасаң коммунистік идеология кезеңінде де қазақтың тәуелсіздігін аңсап, шежірелі тарихымыздың қойнауына терең үңіліп, ел бастаған хандар мен қол бастаған батырларымыздың ерен істерін өз шығармаларына арқау еткен.  

 

 

Касым-Жомарт Токаев. Очерки дипломата. 

В первом томе семитомного издания трудов известного казахстанского политика и дипломата, доктора политических наук Касым-Жомарта Токаева содержатся интересные портретные зарисовки таких видных советских и российских дипломатов, как О.Трояновский, М.Капица, Ю.Раздухов, Е.Примаков, И.Иванов, А.Козырев, И.Рогачев. Книга представит несомненный интерес для читателей, особенно для тех, кто интересуется вопросами международной политики.  

 

 

Махфуз Н. Біздің көшенің аңыз-әпсаналары. Роман.

«Египеттің Бальзагы» аталған Н.Махфуздың бұл романының оқиғасы, кейіпкерлерінің іс-әрекеті «Біздің көшемізде өтіп жатқанымен, іс жүзінде оның географиялық аумағы кең – Бүкіл Таяу Шығысты, үш монотеистік діннің бесігі болған қасиетті жерлерді қамтиды». Көне Өсиет пен Жаңа Өсиеттегі, Құран мен Сирдегі – Мұхаммед пайғамбардың өмірбаянындағы аңыз-әпсаналарды жазушы көшенің негізін салған Ғабалауи және оның балалары мен жұрағаттарының тарихын, көше тұрғындарының сан ұрпағының ауыздан-ауызға айтып келе жатқан оқиғаларына айналдырып, халықтың хикая-хисса түрінде баяндайды. Ол иудаизмнің, христиандық пен исламның пайда болу тарихын адамзатты бақытты өмірге жеткізуге ұмтылатын әділдікке құштар ұлы адамдардың қимыл-әрекеттерінің нәтижесі ретінде бейнелейді.  

 

 

Кажигали Муханбеткалиулы. Тяжкие времена. Роман.

В истории Казахстана XVIII век является самым тяжким временем, характеризующимся усилением давления соседних государств, - в том числе колониальной политики царской России, - и попаданием ханской власти в кризисную ситуацию внутри страны. В такой тяжелой обстановке известные люди Великой степи, - знатные бии, батыри и предводители родов, - во главе с Байбахтинцем Сырымом Датулы, решительно взяли бразды правления в свои руки, и вывели народ из этого тупикового положения. Исторический роман «Тяжкие времена» известного казахского писателя, лауреата Государственной премии Республики Казахстан К.Муханбеткалиулы повествует именно об этих событиях, широко охватывая все перипетии взаимоотношений не только героев произведения, но и сопредельных с казахами народов. Думаем, что в этом убедятся сами читатели по прочтении данного романа.  

 

 

Оразбек Нұрмахан. Өтіп еді сол заман нақ осылай.

Кітап 1939 жылдың көктемінде өткен БК(б)П-ның XVIII сьезінің өкіметті халыққа жақындату саясатына орай 1939 жылы қара күзде құрылған Фрунзе ауданының жылнамасын жасауға арналған. Қазақ әдебиетінің деректі проза жанрында бұл нақ осыны көздейтін тұңғыш еңбек.Кітап болашақта «Бір ауданның жылнамасы» сериясына мұрындық болар деп үміттенеміз. Кітап барша оқырман қауымға арналған  

 

 

Елубаев Смағұл. Ақ боз үй.

Көрнекті жазушы Смағұл Елубаевтың бұл таңдамалы шығармалар жинағына оқырман қауымға әйгілі «Ақ боз уй» трилогиясы кірді. «Ақ боз уй» өткен ғасырда халқымыз бастан кешкен ашаршылық туралы кеңестік кезеңде жазылған тұңғыш роман. Оқырман назарына жинақтағы «Ақ боз уй», «Жалған дүние» романдарының мейлінше ықшамдалып ширатылған жаңа нұсқасы ұсынылып отыр.  

 

 

Куралов Утепкали. Прототюрки и зарождение античных Олимпийских игр.

Книга посвящена многотысячелетней истории евразийских кочевников - прототюрков Проанализировав исследования и апробированные выводы мирового ученого сообщества, богатые сокровища устного народного творчества, автор приходит к неожиданному заключению, совершенно исключающему прежние привычные представления об общечеловеческой истории в целом и об истории евразийских кочевников-прототюрков в частност. Книга представляет не только научный интерес, но и большую познавательную ценность, рассчитана на широкий круг читателей.  

 

Әдеби туындылар

 

 Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев  «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі - кітапхана», - деп айтқан. Иә, расындада еліміздің болашағы – білімді де, білікті іздемпаз жастар. Олай болса оқырмандарға құнды қазына әдеби туындылармен таныстыратын, оқу процесінде керекті әдеби кітаптарды тауып беретін, насихаттайтын әрине кітапхана.

Кітапханаға әдебиет пәнінің оқу бағдарламасына еңген жазушылардың  кітаптары келіп түсті. Олар «Рауан» баспасынан шыққан және «Өлке» баспасынан шыққан «Жасөспірімдер кітапханасы» топтамасына еңген кітаптар.

Бұл кітаптарға еңген шығармалар қазақ әдебиетінің ХІХ –ХХ ғасырын қамтиды. Кітаптар жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия оқушыларына арналады, мұғалімдер мен тәрбиешілерге көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.

Кітапханаға келіңіздер!

Кітаптар оқырмандарын күтеді!

Флеш-галерея «Әдеби туындылар – асыл қазына»

 

 

Қазақ әндері. Құраст. М. Ілиясов. Алматы: ҚАЗақпарат, 2013. - 380 б.

Әндер жинағының Абай, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ бастаған көптеген белгілі өнер саңлақтарының туындылары еніп ртыр.

 

 

 

Шәкәрім Жарқын. Көне дүние күмбірі – Мелодии древности (Болат Сарыбаев – музыка зерттеуші туралы). - Алматы: Өнер, 2013. – 192 б. – қазақша, орысша.

Профессор Болат Сарыбаев – известная личность, человек, положивший начало науки по изучению казахских музыкальных инструментов, внесший огромный вклад в развитие традиционной музыки. Цель книги – показать широкому кругу читателей ценность научных трудов ученого, а также определить его место в жизни общества.

 

 

Базарбаева Р. Е. Жарық күнмен сырласу = Беседа с ясным днем = Conversation with a bright day. - Алматы: Асыл сөз, 2013. – 216 б. - қазақша, орысша, ағылшынша.

Данный альбом научный труд посвященный творчеству заведующей кафедры «Декоративно-прикладного искусства» Казахской национальной Академии Искусства имени Т.Жургенова, профессора по специальности искусствоведение, деятеля культуры Республики Казахстан Базарбаевой Раушан Еркеновны.

 

 

Қазақ баспасөзінің фотошежірешілері (12 ардагер фотографтың 20-ғасырдағы тарихи суреттері) фотоальбом. - Алматы: Өнер 21 – ғасыр ҚҚ, 2013. – 240 б.

Бұл фотоальбом Қазақстанның 1930-2000 жылдар аралындағы тыныс-тіршілігін, ұлттық салт-дәстүрін, соғыс және еңбек ерлерін, әр саладағы белгілі тұлғалардың бейнелерін мәңгілік тарихта қалдырған, баспасөз арқылы халыққа танытқан, ел сүйіспеншілігіне бөленген ардагер фотошежірешілер еңбегіне арналып отыр.

 

 

Жануарлар туралы үлкен энциклопедия. - Алматы: «Аруна» баспасы, 2013. – 304 б.

Қолыңыздағы кітап жануарлар әлемінен қызғылықты мәлімет береді. Энциклопедияның жануарлар туралы өзге кітаптардан ерекшелігі - әр мәліметтің жанына  жануарлардың түрлі-түсті суреттері қоса берілгендігінде.

 

 

Континеттер. - Алматы: «Аруна» баспасы, 2013. – 216 б.

Бұл кітапта әр құрлықтың географиялық ерекшкліктері, тарихы, тағамы, адамдары, түрлі халықтардың әдет-ғұрыптары мен ұстанымдары, көркемөнер туындылары, өмір сүру дағдылары мен тілдік ерекшеліктері туралы баяндалады.

 

Ағылшынша-қазақша сөздік – English-Kazakh Dictionary. Құраст. Ж. Асанов, Г. Асанова, - Алматы: «Қазығұрт» баспасы, 2013. - 480 б.

Осы Ағылшынша-қазақша сөздік мемлекеттік тілдің еңсесін көтеріп қана қоймай, қазақ тілді кеңістіктегі ақпараттың молайып, түрленуіне серпіліс тудырады деп сенемін.

 

 

Назарбаев Н. А. Когда мысль – материальна/Вступит. слово В. А. Садовничего, С. Саксены. – М.: Худож. лит., 2012.- 312 с.: ил.

В книгу включены лекции и выступления Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева перед учеными, преподавателями, студентами, аспирантами и слушателями крупнейших учебных и научных центров Европы, Америки, Евразии и самого Казахстана.

 

 

Тоқсанбай Сүлеймен қажы Рақымжанұлы. Орысша-қазақша банк терминдері сөздігі = Русско-казахский словарь банковских терминов. - Алматы: «Ой-Сана» баспасы, 2013. – 1152 б. - қазақша, орысша.

Словарь содержит свыше 62000 терминов и понятий по следующим разделам: финансово-банковская деятельность, денежное обращение, банковские и биржевые операции, внутренние и международные валютно-кредитные отношения, финансовый рынок, рынок ценных бумаг, кредитные рынки, ипотека и ипотечный кредит, компьютеризация банковских операций.

 

 

 Тоқсанбай Сүлеймен қажы Рақымжанұлы. Пошта терминдерінің және пошта қызметтері саласында жиі қолданылатын сөз тіркестерінің қазақша-орысша және орысша-қазақша сөздігі = Казахско-русский и русско-казахский словарь почтовых терминов и словосочетаний, часто употребляемых в сфере почтовых услуг. - Алматы: «Ой-Сана» баспасы, 2013. – 1152 б. - қазақша, орысша.

Словарь охватывает около 80500 терминов, слов и словосочетаний, часто употребляемых работниками  такой крупной отрасли инфраструктуры, как оказание почтовых, почтово-сберегательных услуг населению.

 

 

Жанайдаров Орынбай Куленович. Қазақ жерінің 100 аңызы. - Алматы: «Сораба» қоғамдық қоры, 2013.-240 б.

Топонимические легенды – жанр устной народной несказочной прозы, изначально имеющий установку на достоверность и объясняющий происхождение названий населенных пунктов или других географических объектов. 

 

 

 

 

Новости

С Наурызом!!!
20 марта 2019 | 19 просмотров

Уважаемые наши пользователи и читатели!!!

Сердечно поздравляем Вас с великим праздником Наурыз мейрамы!

Желаем вам и вашим близким крепкого здоровья, счастья, добра и благополучия! Пусть Наурыз принесет в каждый дом мир, спокойствие и процветание!

 Улыстын улы куні кутты болсын!

 

Әдеби-мерекелік дастархан «Жарқыра, жайна Наурызым!»
19 марта 2019 | 25 просмотров

Аудандық орталық кітапханада «Наурыз достарды шақырады» фестиваль аясында «Үміт» клубының мүшелерімен «Жарқыра, жайна Наурызым!» атты әдеби-мерекелік дастархан өтті. Фото